Александр Москаленко: «Бізді қиын ойындар күтіп тұр»

Сары-жасылдардың бас бапкері «Қызыл-Жармен» өткен кездесуден соң пікірімен бөлісті:

– Кубок ойындарынан әрдайым тосынсый күтуге болады, төменгі дивизиондағы командалардың әлеуеті мықты ұжымдарды ұтқанын талай рет көргенбіз. Бізді алда тығыз ойындар кестесі күтіп тұр, бүгін біз түрлі себептермен алаңға шықпаған жігіттерге мүмкіндік бердік.

Иә, біз кубок бәсекесінде келесі кезеңге өттік, бірақ мұның бәрін тезірек ұмытып, алда болатын басқа да ойындарға дайындалу қажет.

Бүгін команда мінез көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізе білді. Ойынның әр бөлігіндегі олқылықтардың орнын толтыру қажет. Команда ретінде дамуымыз керек. Жанкүйерлерге алаңдағы атмосфера үшін алғыс айтамын. Оларды келесі кезеңге өткенімізбен құттықтаймын.

 



  • Душан Йованчич: «Жылдам гол соққымыз келді»
  • Жүлдегерлер марапатталды
  • Александр Москаленко: «Алда өте қиын ойын күтіп отыр»
  • Тобол – Шахтер: фотоесеп
  • Тобыл – Шахтер: бейнешолу
  • Аманович марапатталды
  • Қайыров көмектесе алмайды
  • Келесі қарсылас – «Шахтер»
  • Ойын алдындағы статистика
  • Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»