Александр Москаленко: «Ойынға негізгі құрамды шығара алмадық»

Сары-жасылдардың бас бапкері «Шахтермен» өткен кездесуден соң пікірімен бөлісті:

– Жауапты ойын алдында біз көптеген проблемаларға тап болдық. «Сары қағаздардың» шамадан тыс болуына байланысты Йованчич, Жарынбетов, Жұмашев алаңға шыға алмады. Көптеген ойыншылар ұлттық құрамадан келді, өкінішке орай, олар жарақат салдарынан бұл матчқа қатыспады. Сонымен қатар кейбір футболшыларда ЖРВИ белгілері болды. Осы жағдайды алып қарасақ, ойынға негізгі құрамның жігіттерін шығару мүмкін болмады. Құрамның ауысуы салдарынан, кей футболшылар өздеріне тән емес позицияларда ойнауға тура келді. Ойынға көптеген өзгерістер енгізу қажет. Біз осы кездесуде өз әлеуетімізді толығымен аша алмадық, соның салдарынан мұндай нәтижеге жетіп отырмыз.



  • Николай Панин – 2021 жылғы маусымның үздік менеджері!
  • Ынтымақтастық туралы Меморандум
  • Мокин – жылдың үздік қақпашысы
  • Олег Лотов: “Міндет біреу – жастарды дамыту”
  • Сергеев – үздік үштікте!
  • Зоран Тошич: «Англиядағы бір жыл – мен үшін үлкен футбол мектебі»
  • Футбол орталығына келіңіз
  • Тарихтан тәбәрік: Тобыл – Ақтөбе кездесуі
  • Ержановты еске алып…
  • Мирошниченко ем алып жатыр