Архимед Мухамбетов

Архимед Мұхамбетов: «Жанкүйерлер өз командасына сенеді»

Архимед Мухамбетов

Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов бүгінгі жанкүйерлермен өткен кездесуге қатысып, командаға сəттілік тіледі

Архимед Мұхамбетов:
– Биылғы маусым қызықты өтеді деген ойдамын. Біздің құрам толықтай жаңарды деп айтуға болады. Бүгін ойыншылармен кездескен кезде де оларға жанкүйерлер үшін ойнау керектігін айттым. Өздеріңізге белгілі, биыл клубтың құрылғанына елу жыл толмақ.
Мен келген жылы жағдай басқа болатын. Биыл бюджетті қайта қарап, команданың бағытын анықтадық. Қиыншылықтар да болды. Осы маусымда алғашқы 15-20 турды Затоболда өткіземіз, басқа амал жоқ. Тағы да айтам, құрамдағы жігіттер жақсы ойнайды. 23 футболшының 16-сы əлі “орда бұзар” жасқа жеткен жоқ. Өзіміздің Сұлтан Бусурманов, Тимур Жақыов, Жаслан Шубаев, Темирлан Эльмурзаевтарға артылатын сенім зор. «Тобыл» алға!

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • Григорий Бабаян: «Важно было показать свой рисунок игры»
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Өткен ойынға фотошолу
  • Элгуджа Лобжанидзе: «Команда мені жақсы қабылдады»
  • Григорий Бабаян: “Бапкер төлқұжатқа қарамайды”
  • Жолдастық ойынның фотошолуы
  • Құрметті жанкүйерлер!
  • Темірлан Ерланов: «Жанкүйерлерге алғысым шексіз»
  • Егор Цуприков – «Тобыл» ойыншысы
  • Асхат Тағыберген – жаңа ойыншы