Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов сары-жасылдарды Суперкубоктағы жеңісімен құттықтады:
– «Тобыл» футбол клубын Қазақстан Суперкубогының финалындағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл — барлық қостанайлықтардың жеңісі. Алғаш рет Суперкубокқа ие болдық. Бұл жеңіс клубтың алдағы табыстарына серпін беретініне сенімдімін.
«Тобылға» жаңа футбол маусымында сәттілік тілеймін!