Арман Оганесян – жаңа ойыншы

Қостанай клубы Армения құрамасының қорғаушысымен еңбек келісімін жасады.

Арман өзінің мансабын 2011 жылы Ереванның «Пюник» клубында бастады. Бірнеше маусымда Оганесян команданың негізгі ойыншыларының бірі болды. «Пюник «құрамында ол чемпионатының күміс жүлдегері, сонымен қатар Армения кубогы мен Суперкубогының иегері атанды.

2014 жылы қорғаушы Мартунидің «Алашкертіне» көшті, бірақ келесі маусымда ол командадан кетіп «Ширакқа» ауысты. Бұл команданың сапында ел кубогін жеңіп алды.

Екі жылдан кейін Оганесян Армения чемпионатынан кетті. Кропивницаның «Зирка» командасымен келісім-шартқа отырды. Ол кезде бұл команда Украина премьер-лигасында өнер көрсеткен. Армянның соңғы клубтары – «Арарат-Армения» және «Гандзасар».

Былтыр қорғаушы Армения құрамасында алғашқы ойынын өткізді. Оганесянның еншісінде ұлттық құраманың үш матчы бар.

Туған жылы: 1993 жылғы 7 шілде
Биіктігі: 178 см
Салмағы: 75 келі
Алаңдағы орны: қорғаушы
Азаматтығы: Армения



  • Подарок перед стартом
  • Топтан шыға алмады
  • Маусым абонементтері – сатылымда
  • Первая тренировка в Костанае
  • Неполным составом
  • Суперкубок – на «Хабаре»!
  • Олег Лотов: «Қарсыластарды әдейі таңдаймыз»
  • В Костанае состоится розыгрыш путевки в кубок регионов УЕФА
  • Продолжается продажа билетов на матч за Суперкубок
  • Роман Асранкулов – негізгі құрамда