Артурас Жулпа: “Біз тыңғылықты дайындаламыз”

Қостанай клубының жартылай қорғаушысы Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребе қорытындысы туралы пікір білдірді:

– Жеребе тастауды оң бағалауға болады, бірақ қай команданың мүмкіндігі зор екені айта алмаймыз. Ойын алдында екі команданың да мүмкіндігі тең. Бұл турнирде әлсіз команда болмайды. Бізде 11 шілдеге дейін уақыт бар, сондықтан қарсыласымызды талдап, тыңғылықты дайындалатын боламыз.

– Осы көктемде Литва құрамында Люксембург құрамасына қарсы ойнадың. Олардың ойыны туралы не айта аласың?
– Люксембургтегі футболдың дамып келе жатқанын айта аламын. Люксембургта жекелей алғанда мықты ойыншылар бар екенін атап өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, “Тобыл” Люксембургтің “Женесс” футбол клубымен кездеседі. Бірінші матч 11 шілде күні сырт алаңда өтеді, жауап ойыны 18 шілде күні Нұр-Сұлтанда.



  • «Шахтер» — «Тобол»: судит Кумашев
  • «Тараз М» — «Тобол М»: голы
  • Канкава и Балаев – в сборной тура
  • C «Шахтером» – без Себаи
  • Канкава и Мирошниченко – в сборной тура
  • История: насыщенный сентябрь
  • Лучшие в матче «Тобол» — «Окжетпес»
  • Олег Лотов: «За счет таких игр ребята и растут»
  • Тобол Мол – СДЮСШОР 8: фотоотчет
  • Фернандер Кассай: «Жігер таныттық»