Асхат Тағыберген – жаңа ойыншы

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы сары-жасылдармен келісім-шартқа қол қойды.

Тағыбергеннің кәсіби мансабы өзінің туған жері – Қызылордада басталды, 2008 жылы «Қайсар» сапына алынды. Ол осы команданың құрамында ел біріншілігінде 2012 жылға дейін ойнады.
2013 жылы Тағыберген «Ақтөбеге» ауысты. Мұнда Асхат ел чемпионы, кейін күміс және қола жүлдегер атанды, Қазақстан Суперкубогының иесі деген атағы және бар.
2016 жылы елордалық «Астана» клубына ауысып, онымен Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алды. 2017 жылдың ақпан айында Тағыберген Қостанайға қоныс аударды. Астықты аймақта 10 ойын өткізіп, 2018 жылдың қаңтар айында «Қайсарға» қайта оралды.

Асхат қостанайлықтар құрамына Түркиядағы жиындарда қосылды. Жартылай қорғаушы 8-ші нөмірді таңдады.



  • Тағыберген тағы да үздік!
  • Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
  • Билеттер сатылымда
  • Элгуджа Лобжанидзе: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Григорий Бабаян: «Мұндай ойындарда жеңіске жетудің жөні бөлек»
  • Ойын уақыты белгілі
  • (РУС) «Жетісу» – «Тобол»: судит Гаузер
  • Валиуллин үздіктер сапында
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Григорий Бабаян: «Жүйкеге тиетін ойын болды»