Асхат Тағыберген — Вахид Масудов жүлдесінің иегері!

Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Вахид Масудов жүлдесін тағайындады. Бұл марапат жыл сайын маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік жартылай қорғаушысына беріледі.

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Тобыл» мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Асхат Тағыберген үздік жартылай қорғаушы болып таңдалды.

Тағыберген өткен маусымда тамаша ойынымен көзге түсіп, OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының алтын медалін иеленді. Ол жарыстың 23 ойынында 4 гол соғып, 6 ассист жасады. OLIMPBET-Қазақстан Кубогында Тағыбергеннің еншісінде 5 ойын, 2 гол. Сонымен қатар, ол хорватиялық «Хайдуктың» қақпасына шешуші голды соғып көзге түсті.



  • Николай Панин – 2021 жылғы маусымның үздік менеджері!
  • Ынтымақтастық туралы Меморандум
  • Мокин – жылдың үздік қақпашысы
  • Олег Лотов: “Міндет біреу – жастарды дамыту”
  • Сергеев – үздік үштікте!
  • Зоран Тошич: «Англиядағы бір жыл – мен үшін үлкен футбол мектебі»
  • Футбол орталығына келіңіз
  • Тарихтан тәбәрік: Тобыл – Ақтөбе кездесуі
  • Ержановты еске алып…
  • Мирошниченко ем алып жатыр