«Тобыл» футбол клубы «Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Игор Ивановичті жалға алды. Иванович кәсіби мансабын отанындағы «Ягодина» командасында бастады. Алайда оның есімі Беларус елінің чемпионатында танылды. Солигорск «Шахтері» құрамында 88 ойын өткізіп, 17 гол соқса, тағы 15 голға мүмкіндік жасады. Негізінен оң қапталда өнер көрсететін жартылай қорғаушы шабуыл шебінде де ойнай алады. «Шахтермен» бірге ол үш дүркін…