18 Қаң

«Тобыл» футбол клубы өзінің тәрбиленушілерімен келісім-шарт жасасты Атап айтқанда, Данияр Семченков, Жаслан Жумашев, Вячеслав Кульпеисов, Роман Асранкулов жыл соңына дейін Қостанайда доп тебеді. Просмотров: 10

17 Қаң

Жартылай қорғаушы Зоран Тошич келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Тобыл» құрамынан кетеді. Тошич Қазақстандағы алғашқы матчын 2021 жылдың сәуір айында «Каспийге» қарсы өткізді. Жанкүйерлер жартылай қорғаушының әмбебап қимылдары және алаңдағы шығармашылық әрекеттері үшін ұнатты. Қостанайлық ұжым құрамында Зоран 50 матч өткізіп, 11 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды. «Сары-жасылдармен» бірге ол Қазақстан чемпионы және Olimbet-Суперкубогі жеңімпазы…

17 Қаң

Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы Чиди Осучукву келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетті. «Тобыл» футбол клубы Чидиге атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тілейді. Просмотров: 12

16 Қаң

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Тобыл» құрамынан кетті. Қостанайлық клуб сапында Васильев осы жылы 22 матч өткізді. «Сары-жасылдармен» бірге жартылай қорғаушы чемпионаттың қола жүлдегері және елдің Olimpbet-Суперкубогі иегері атанды. «Тобыл» футбол клубы Владқа бірлесіп жұмыс істегені үшін алғыс білдіреді және одан әрі мансабында табыс тілейді. Просмотров: 17

15 Қаң

Мың алғыс, Алекса! «Сары-жасылдардың» қорғаушысы Алекса Аманович клубтан кетті. Футболшы «Тобыл» құрамын 2020 жылдың басында толықтырды. Алекса сол жылдың наурыз айында «Шахтерге» қарсы дебюттік ойынын өткізді. Жалпы қостанайлықтар сапында 83 ойында алаңға шығып, 4 гол соқты.«Тобылмен» бірге ол чемпионаттың алтын медалін жеңіп, Суперкубоктің екі мәрте иегері атанды. «Тобыл» футбол клубы Алексаға бірлескен жұмысы үшін алғыс…

15 Қаң

Жарко Томашевич: «Тек жақсы естеліктер қалады» Сары-жасылдардың экс-қорғаушысы жанкүйерлерге алғысын айтты: – Сары-жасылдар! Қонақжайлылықтарыңыз, үнемі қолдау көрсеткендеріңіз, командаға сенгендеріңіз үшін рақмет. Клуб басшылығы мен қызметкерлеріне көп рахмет, мен сіздерге өте ризамын. «Тобыл», сен әрқашан менің жүрегімдесің. Сәттілік, сары-жасылдар! Қостанай мен қостанайлықтар туралы ең жақсы естеліктер қалады. Барлығы үшін шын жүректен рақмет! Просмотров: 40

15 Қаң

Орталық қорғаушы Жарко Томашевич тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық клубтан кетті. Жарко «Тобыл» құрамына 2022 жылдың басында қосылды. Ол сары-жасылдар сапында 28 матч ойнап, 2 гол соқты. «Тобыл» футбол клубының ұжымы Томашевичке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді. Просмотров: 37

10 Қаң

Сербиялық маман қостанайлық клубтың бас бапкері лауазымына тағайындалды. Милич Чурчич 1981 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген. Милич бапкерлік мансабын 2013 жылы «Атырауда» бастаған. жылдардың ортасында бастады. Содан кейін Кувейттің «Әл-Джахра» клубында, Ливия құрамасында, Сербияның «Пролетер» және Иранның «Зоб Ахан» клубтарында жұмыс істеді. Өткен маусымды Чурчич «Шахтер» (Солигорск) командасының бас бапкері міндетін атқарушы ретінде аяқтады. Оның басшылығымен…

09 Қаң

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да дереккөздерде «Тобыл» ФК ойыншысы Игорь Сергеевтің жалақысы жылына 300 мың долларды құрайтыны туралы хабарлама шықты. «Тобыл» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Сергеевтің нақты жалақысын жариялау еңбек шарты талаптарының құпиялылығына байланысты орынсыз деп санаймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Просмотров: 10

05 Қаң

«Сары-жасылдардың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны «Тобыл-Арена» манежінде өтеді. Қостанайлықтардың келесі маусымға алғашқы дайындық шаралары 10-24 қаңтарға жоспарланған. Жиынның бірінші бөлімі ойыншылардың функционалды дайындығына арналады деп жоспарлануда. Оқу-жаттығу жиынына келетін команда құрамы туралы қосымша хабарлаймыз. Просмотров: 11