Шабуылшы Айбар Жақсылықов қостанайлық клубтан кетті. Жақсылықов «Тобыл» сапындағы дебютін 2022 жылдың 2 наурызында «Қайратқа» қарсы Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы матчында өткізді. Ойын аяқталар сәтте Айбар «Тобылдың» жеңіс голын соғып, жаңа футбол маусымында сары-жасылдарға кубок сыйлады. Барлығы сары-жасылдар жейдесінде 32 матч өткізіп, 7 гол соқты. «Тобыл» футбол клубы Айбарға бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, одан әрі мансабында…