08 Там

Бүгін Конференция Лигасының үшінші кезеңі аясындағы «Зриньскиге» қарсы матчтың электронды билеттері сатыла бастайды. Матч 11 тамызда 20.00-де «Орталық» стадионда басталады. Билеттерді біздің ресми сайтымыздан сатып ала аласыз fctobol.kz. Билет бағасы: — Батыс мінбері, 2 қабат — 2500 теңге — Батыс мінбері, 1 қабат — 2000 теңге. – Шығыс мінбері, 2 қабат — 2000 теңге – Шығыс…

03 Там

Қостанайлықтардың қорғаушысы Конференция лигасының үшінші кезеңі аясындағы «Зриньскеге» қарсы матчта ойнамайды. Бағдат Қайыров «Зриньскиге» қарсы ескерту қағазының көптігіне байланысты алаңға шықпайды. Ол «Линкольнмен» болған кездесуде Конференция лигасындағы үшінші «сары қағазын» алды. Просмотров: 42

01 Там

«Тобыл Ж» бас бапкері «Мақтааралға» қарсы матчтан соң пікірімен бөлісті: – Біз қандай матч өткізетінімізді білдік, уақыттың көп бөлігін қорғаныста өткізуге тура келетінін де түсіндік. Бір апта ішінде үшінші кездесуге шығып отырмыз, олардың біріншісін алдыкүні ғана ойнадық, қалған екі матч премьер-лига командаларымен өтті. Жігіттерге өкпе жоқ, олар тәртіпті, жүйелі ойнады, шаршағандарына қарамастан, лайықты ойын көрсетті….

29 Шіл

Босния мен Герцеговинаның «Зриньски» командасы УЕФА Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Тобылдың» қарсыласы атанды «Зриньски» екінші раундта екі матчтың қорытындысы бойынша 4:2 есебімен Албанияның «Тирана» командасын жеңді. Үшінші раундтың бірінші кездесуі 4 тамызда қонақта, ал жауап матчы 11 тамызда Қостанайда өтеді. Еске сала кетейік, «Тобыл» еурокубокта «Зриньскимен» бұған дейін кездескен болатын. 2010 жылы сары-жасылдар іріктеу…

27 Шіл

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович УЕФА Конференциялар Лигасының екінші кезеңі аясындағы «Линкольн Ред Импс» клубына қарсы қарымта матч жайлы пікір білдірді: – Біріншіден, баршаңызды осынау жеңіспен және Конференциялар Лигасының келесі кезеңіне өтуімізбен құттықтағым келеді. Ойынды жүйелі ұйымдастыру және тактика тұрғысынан бірінші таймды жақсы өткіздік. Ал екінші таймда бірнеше жүз пайыздық сәттер болды, оларды іске асыра…

27 Шіл

Қостанайдың «Тобылы» Конференциялар Лигасының 2 кезеңі аясында Гибралтардың «Линкольн» командасын 0:1 есебімен ұтты Матчтағы жалғыз допты 31-минутта Зоран Тошич соқты.  Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде қостанайлық клуб 2:0 есебімен басым түскен болатын. Айта кетсек, аталған жұптың жеңімпазы үшінші іріктеу сатысында «Тирана» (Албания) және «Зриньски» (Босния и Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ойындар 4 және 11 тамыз күндері өткізіледі….

26 Шіл

УЕФА Конференциялар лигасы іріктеу кезеңі аясындағы «Линкольн» мен «Тобыл» ойынын тікелей эфирде республикалық Qazsport телеарнасынан көре аласыз. Матч 22:00-де басталады. Просмотров: 63