«Тобыл» Конференция Лигасының екінші іріктеу айналымының алғашқы матчында жеңіске жетті. Қостанайдағы «Орталық» стадионда Милан Милановичтің ойыншылары Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан чемпионы сапында 65-минутта Айбар Жақсылықов пен 90-минутта Жарко Томашевич ерекшеленді. Енді қарымта ойын 26 шілде күні Гибралтар аралында өтеді. Просмотров: 59