15 Мау

Қақпашы Дмитрий Непогодов тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық клубтан кетті. Айта кетейік, қақпашы өзінің мансабын Қостанайда бастаған, 2017 жылдың қысында «Тобылмен» келісімшарт жасасты. Жалпы алғанда Непогодов сары-жасылдар сапында 68 матч ойнады. «Тобыл» футбол клубының ұжымы Дмитрийге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді. Просмотров: 48

14 Мау

Венгрияның «Ференцварош» командасы — «Тобылдың» Чемпиондар Лигасының бірінші кезеңіндегі қарсыласы.    Бірінші матч 5-6 шілдеде Қостанайда, ал қарымта ойын 12-13 Шілдеде Венгрияда өтеді. Просмотров: 223

14 Мау

Құрамадағы жігіттер: кезекті жеңіс Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С тобындағы ойында Словакия құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Сары-жасылдардың ойыншылары Сергей Малый, Асхат Тағыберген мен Александр Марочкин негізгі құрамда шықты. Ал Бағдат Қайыров ойынның екінші бөлігінде қосылды. Просмотров: 36

11 Мау

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С тобында Беларусь құрамасымен тең ойнады — 1:1. Сары-жасылдардың ойыншылары Сергей Малый, Бағдат Қайыров мен Александр Марочкин негізгі құрамда шықты. Ал Самат Жарынбетов пен Владислав Васильев ойынның екінші бөлігінде қосылды. Просмотров: 55

09 Мау

«Сары-жасылдардың» қорғаушысы Дмитрий Мирошниченко клубтан кетті. Тараптар екіжақты келісім бойынша еңбек шартын үзді. Футболшы «Тобыл» құрамын 2016 жылдың басында толықтырды. Қорғаушы сол жылдың наурыз айында «Ақжайыққа» қарсы дебюттік ойынын өткізді. Жалпы қостанайлықтар сапында 145 ойында алаңға шығып, жеті гол соқты. Қостанайлық ұжым сапында ол чемпионаттың үш медалін жеңіп, Суперкубоктің екі мәрте иегері атанды. «Тобыл» футбол…

08 Мау

Черногория құрамасы Ұлттар Лигасының B тобының матчында Финляндиядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Қостанайлықтардың орталық қорғаушысы Жарко Томашевич 90 минут бойы өнер көрсетіп, командасының жеңісіне үлес қосты. Просмотров: 26

05 Мау

Капитан алдағы ойынға қатыспайды Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Словакия және Беларусьпен болатын матчтарға қатыспайды Асхат Әзірбайжанмен өткен матчта миы шайқалып, командамен Трнаваға ұшпады. Алайда, дәрігерлер оның Нұр-Сұлтанда болатын Словакиямен матчқа дайын болатынын мәлімдейді. Просмотров: 61

05 Мау

Құрамадағы жігіттер: сенімді жеңіс Черногория құрамасы Ұлттар Лигасының B тобының матчында Румыниядан (2:0) басым түсті. Қостанайлықтардың орталық қорғаушысы Жарко Томашевич 90 минут бойы өнер көрсетіп, командасының жеңісіне үлес қосты. Просмотров: 47