06 Там

УЕФА Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің матчына билеттер сатылымға шықты. Солтүстік Ирландияға қарсы ойын 10 тамызда сағат 20:00-де «Орталық» стадионда басталады. Бұл ойынға билеттерді ресми сайтымыздан сатып ала аласыз – fctobol.kz. Просмотров: 14

01 Там

Сербияның төрешілер бригадасы «Тобыл» – «Базель» арасындағы УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің жауап матчына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды uefa.com. Кездесудің бас төрешісі болып Милош Миланович тағайындалды, оның көмекшілері – Милан Шутулович пен Никола Антич, төртінші төреші — Йован Шегрт. Еске салайық, «Тобыл» – «Базель» матчы 3 тамызда Қостанайдың «Орталық» стадионында өтеді. Просмотров: 12

31 Шіл

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Конференция Лигасының «Базельге» (1:3) қарсы бірінші матчы туралы пікір білдірді. – «Базельдің» жоғары деңгейлі команда екенін жақсы білеміз. Олар футболды жақсы ойнайды. Біз қарсыластың видеоларын көрдік, талдадық. Менің ойымша, екінші тайм ойынның нәтижесін шешті. Біз үш гол соққан соң, әрі қарай жүйелі ойнауымыз керек болды. Бізді шын жүректен қолдайтын қауымға рақмет айтқым келеді….

27 Шіл

«Тобыл» ФК бас бапкерінің матч алдындағы баспасөз конференциясынан: – Біріншіден, «Базель» сияқты командаға қарсы ойнаудың орны бөлек, мықты команда, тарихы тереңде, дәстүрге бай клуб. Команда жыл сайын еурокубоктарда ойнайды және Швейцариядағы ең жақсы инфрақұрылымға ие. Сол үшін де «Базель» оңай берілетін қарсылас емес. Футболда мүмкін емес ештеңе жоқ. Әрқашан өзіңе, мүмкіндіктеріңе сенуің керек. Күллі Қазақстанның атынан…

25 Шіл

УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің матчына билеттер сатылымға шықты. Ойын 3 тамызда сағат 20:00-де «Орталық» стадионда басталады. Бұл ойынға билеттерді ресми сайтымыздан сатып ала аласыз – fctobol.kz. Билет құны 1500 теңгеден 2500 теңгеге дейін, баға стадион секторлары мен орындарына байланысты өзгереді. Просмотров: 8

25 Шіл

«Тобыл» украиналық жартылай қорғаушы Евгений Шаховпен еңбек шартына қол қойылғанын ресми түрде хабарлайды. Евгений Шахов 1990 жылы 30 қарашада Днепропетровск қаласында дүниеге келген. 15 жасында ол Днепр академиясына келіп, екі жылдан кейін өзінің алғашқы кәсіби келісім-шартына қол қойды. Днепрде 2016 жылға дейін ойнады, барлығы 127 матч өткізіп, 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Содан…

25 Шіл

«Тобыл» футбол клубы «Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Игор Ивановичті жалға алды. Иванович кәсіби мансабын отанындағы «Ягодина» командасында бастады. Алайда оның есімі Беларус елінің чемпионатында танылды. Солигорск «Шахтері» құрамында 88 ойын өткізіп, 17 гол соқса, тағы 15 голға мүмкіндік жасады. Негізінен оң қапталда өнер көрсететін жартылай қорғаушы шабуыл шебінде де ойнай алады. «Шахтермен» бірге ол үш дүркін…

24 Шіл

«Тобылдың» директоры команданың қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады. – Финляндия елшілігі «Тобыл» делегациясына Шенген аймағына бірнеше рет кіретін визаны бермеді. УЕФА Конференция Лигасының бірінші кезеңінен соң біз Финляндия елшілігінен Шенген аймағы үшін мультивиза беруді сұрадық. Шенген визасын беру ережелеріне сәйкес, біздің тарапымыздан барлығы заң аясында жасалды, сонымен қатар УЕФА-дан келген барлық хаттарды материалдарға тіркедік, бірақ өкінішке…

11 Шіл

Мың алғыс, Николай Борисович! «Тобыл» футбол клубы Николай Панинге бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіреді. «Тобылмен» бірге Николай Борисович чемпионаттың үш медалін де жеңіп, Суперкубоктің екі мәрте иегері атанды. Просмотров: 6

11 Шіл

Рақмет, Александр! Орталық қорғаушы Александр Марочкин тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық клубтан кетті. Александр «Тобыл» құрамына 2019 жылдың соңында қосылды. Ол сары-жасылдар сапында чемпионатта 80 матч ойнап, 2 гол соқты. «Тобыл» футбол клубының ұжымы Марочкинге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді. Просмотров: 4