«Тобыл» ФК бас бапкері Милич Чурчич командадағы қызметін жалғастырады. «Біз Милич Чурчичпен келісім-шартты ұзартқанымызға өте қуаныштымыз, өйткені біз жаттықтырушы мен командаға толық сенеміз. Өткен маусымда аяқтамаған жұмысты алдағы маусымда бірлесіп аяқтауымыз керек. Жаттықтырушы бәсекеге қабілетті команда құрып, клубымызды жоғары нәтижелерге жетелейді деп сенеміз. Жанкүйерімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді!» – деді клубтың құрылтайшысы Әлімжан…