Қостанай клубының капитаны жуық арада өтетін ұлттық құрама ойындары кезінде алаңға шыға алмайды.
Ел құрамасына шақырту алған Азаттың ескі жарақаты сыр берген. Дәрігерлер оған аз уақытқа физикалық жаттығулардан шеттете тұруға кеңес берді.
Қазір қостанайлықтар аздаған үзіліс алды. Нұрғалиев келесі аптаның басында команда құрамына қосылуы ықтимал.
