Капитан рекордшылар тізімінде

“Тобылдың” 34 жасар жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев Премьер-Лигада 419 матч ойнап, рекордшылар тізіміне қосылды.

Нұрғалиев Қазақстан чемпионатында 2004 жылдың 15 сәуірінде Қызылордада “Қайсар” футбол клубына қарсы (0:2) алғашқы ойынын өткізді. Ол 67-ші минутта Кахи Кветенадзе алмастырды. Алғашқы голын 2004 жылы 8 шілдеде Семейде, “Семей” қақпашысы Илья Байтерековтың қақпасына соқты.

Нұрғалиев талдықорғандық “Жетісу” (9 матч, 4 жыл), қаскелендік “Сұңқар” (9 матч, 2 жыл), “Астана” (11 матч, 6 гол) және шымкенттік “Ордабасы” (204 матч, 28 гол) құрамында өнер көрсетті. Қостанайлық “Тобылда” бүгінде 186 матч ойнап, 39 гол соқты.

Премьер-Лигада Азат Нұрғалиев 419 ойын ойнап, 79 гол соқты.

Премьер-Лига рекордсмендері (1992-2020 жж):

1. Нұрбол Жұмасқалиев-523 матч;
2. Серік Жейлітбаев-457;
3. Самат Смақов-452;
4. Игорь Юрин-426;
5-6. Руслан Гумар — 424;
5-6. Мақсат Байжанов-424;
7. Азат Нұрғалиев-419.

KazFootball



  • Поздравляем, Оралхан!
  • Жереми Манзорро: «Мықты ұжымға қарсы тұрдық» 
  • Григорий Бабаян: «Жеңіске лайықты болдық»
  • «Тобол» – «Окжетпес»: обзор
  • «Тобол» – «Окжетпес»: фото
  • C «Окжетпесом» – без Мужикова
  • #ТоболОкжетпес: лайв
  • «Тобол» — «Окжетпес»: судит Атажанов
  • Тренировка перед «Окжетпесом»: видео
  • 🎞Наша история. Голы матча «Кызылжар» – «Тобол»