Азат Нұрғалиев 85-ші голын соқты

«Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев «Тұранға» қарсы ойында (5:0) Қазақстан Премьер-лигасындағы 85-ші голын соқты.Қазақстан чемпионатында Азат Нұрғалиев 2004 жылы 15 сәуірде Қызылорда қаласында «Қайсарға» қарсы ойында алаңға шықты. Өзінің алғашқы голын 2004 жылы 8 шілдеде «Семей» қақпашысы Илья Байтеряковтың қақпасына тоғытты.

Азат Нұрғалиев талдықорғандық «Жетісу» (9 матч, 4 гол), Қаскелең «Сұңқар» (9 матч, 2 гол), «Астана» (11 матч, 6 гол) және шымкенттік «Ордабасы» (204 матч, 28 гол) намысын қорғады. Қостанайлықтар құрамында бүгінгі таңда 248 матч ойнап, 45 гол соқты. Қазақстан Премьер-лигасында Нұрғалиев 442 матч өткізіп, 85 гол енгізді.

Азат Қазақстан чемпионаты тарихындағы 15 үздік бомбардирлер тізіміне кіреді. Оның Қазақстанның екі дүркін чемпионы, екі рет күміс, сондай-ақ Қазақстан чемпионаттарының үш рет қола жүлдегері, ҚР Кубогы мен Суперкубогының иегері атақтары бар.



  • Тобыл – Қызыл-Жар: тікелей көрсетілім
  • Игорь Сергеев: «Стадиондағы атмофсераны ақшаға сатып ала алмайсың»
  • Жастар жеңіске жетті
  • Александр Москаленко: «Кезекті рет мүмкіндіктерді мүлт жіберіп қойдық»
  • Бриджидо алаңға шықпайды
  • Төреші бекітілді
  • Олег Лотов: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Тобол Ж – Ақсу-Павлодар: тікелей көрсетілім
  • Александр Москаленко: «Команда жеңіске деген жігер танытты»
  • Тобыл – Каспий: фотоесеп