Балғындармен өткен күн

«Тобыл» футбол клубының ойыншылары Максим Федин, Бауыржан Тұрысбек және Дмитрий Мирошниченко балаларға шеберлік сабағын өткізді.
Шара «Технодом Арена» шағын алаңында өтті. Ұйымдастырушы – “Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі” АҚ. Футболшылар балалармен бірігіп, доп тебудің алғашқы әдіс-тәсілдерінен бастап, комбинациялық шабуыл жасау тетіктерін көрсетті.

– Бала – біздің байлығымыз. Жас өскіннің спортқа қызығушылық танытқаны қуантады. Балаларыңызға ерте жастап спорттың пайдасын үйретіңіздер. Сонда еліміздің болашағы үшін алаңдамауға болады. Осындай шараны ұйымдастырған акционерлік қоғам басшылығына алғыс білдіреміз, – дейді шабуылшы Бауыржан Тұрысбек.

Іс-шара соңында балғын футболшыларға сыйлықтар таратылып, фотосессия ұйымдастырылды.



  • Лучшие в матче «Тобол» — «Окжетпес»
  • Олег Лотов: «За счет таких игр ребята и растут»
  • Тобол Мол – СДЮСШОР 8: фотоотчет
  • Фернандер Кассай: «Жігер таныттық»
  • Маңызды матчта қолда!
  • Сенин Себаи: «Жеңіс әкелгеніме қуаныштымын»
  • Андрей Карпович: «Сложно найти ритм после паузы»
  • Тимур Уразов: «Знали, что «Окжетпес» сыграет строго в обороне»
  • Тобыл-Оқжетпес: бейнешолу
  • Өткен ойынға фотоесеп