Бауыржан Тұрысбек: «Бірінші тайм қиынға түсті»

Қостанайлықтардың шабуылшысы «Ертіске» қарсы өткен ойыннан соң шағын сұхбат берді.

– Бірінші тайм сәл қиынға түсті, допқа иелік ету басымдығын қарсыласқа беріп қойдық. Қорғанысқа көбірек мән бердік. Екінші таймда бапкер басқа тапсырма жүктеді. Қарсыласты алаң ортасынан қарсы алып, шабуылға шыға бастадық. Бұл тактика көмектесті, біз жеңіске жеттік.

– Бұған дейін бірнеше ойын қатар гол соқпадың. Алайда, бүгінгі голыңды қарсылас команда бапкерінің өзі бағалады…

– Рас, ұзақ уақыт гол соқпадым, көбі сұрады. Шынымды айтсам, бұл туралы ойланған жоқпын. Футболда бәрі еңбектенсең ғана келеді. Гол да солай. Бастысы, кімнің гол соққаны емес, команданың жеңісі.

– Екінші матч қатарынан капитан белгісімен шықтың. Тұрысбек-капитанның басқа Тұрысбектен айырмашылығы бар ма?

– Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді. Жалпы, ойынға ешқандай да әсері жоқ. Тұрысбек сол Тұрысбек болып қалады.



  • «Иртыш» — «Тобол»: фото
  • Милан Миланович: «У нас было два хороших момента»
  • Нурбол Жумаскалиев: «Знали, что будет другая игра»
  • «Иртыш» — «Тобол»: обзор матча
  • «Иртыш» — «Тобол»: трансляция
  • «Иртыш» — «Тобол»: смотрим в «LUX»!
  • Тренировка перед «Иртышом»: видео
  • И снова здравствуйте
  • Олег Лотов: «Контролировали игру»
  • Максим Федин – 50 матчей за «Тобол»