«Тобыл» құрамы коронавирус инфекциясына қарсы тест тапсырды.
Чемпионатты қайта бастамас бұрын команда футболшылары, жаттықтырушылары мен қызметкерлері COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды. Барлық қостанайлықтың талдауы теріс нәтиже көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты шамамен 3 тамыз күні жалғасады.