Роман Асранкулов Солтүстік Македония құрамасына қарсы еліміздің жастар құрамасы сапындағы бірінші матчына шықты.
Роман – Қостанай клубының тәрбиеленушісі. Негізгі құрамындағы дебют өткен маусымда кубок кездесуінде өтті. 2019 жылы қорғаушы сары-жасылдардың жастар командасының капитаны болды.
Биыл Асранкулов ел чемпионатының матчтарында үш рет өнер көрсетті.