Үш ойыншы дебютін өткізді

Жұмашев, Тұрсынбай және Оганесян Қостанай клубы сапындағы Премьер-Лигадағы алғашқы ресми матчтарын өткізді.

Өткен маусымда Жаслан Жұмашев сары-жасылдардың жастар командасында өнер көрсеткен. Екінші Лигада хавбек 29 матч өткізіп, төрт голдың авторы атанды. Каспийліктермен болған ойында Жұмашев бірінші минуттан бастап алаңға шығып, екінші таймда ауыстырылды.

Сағадат Тұрсынбай Премьер-Лигада «Ертіс» және «Ордабасы» командаларында өнер көрсетті. «Каспийге» қарсы ойында Сағадат Азат Нұрғалиевке гол пасын берді.

Арман Оганесян Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының бірінші кездесуінде көп уақыт өткізген жоқ. Ол 88 минутта Петрос Аветисянның орнына шықты.



  • 🎞Наша история. Голы матча «Тобол» – «Жетысу»
  • Проведение футбольных соревнований отложено
  • Сырқаттанғандар жоқ
  • Сәттілік, Стивен!
  • Лука, рахмет саған!
  • Көңіл айтамыз
  • Экс-костанайцы – в символической сборной Сербии
  • ҚФФ Бас хатшысы отандық клубтарға үндеу жолдады
  • Наша история. Гол Балтиева в ворота «ОФИ»
  • День в истории: победа над «ОФИ»