19 маусым күні қостанайлықтар «Орталық» стадионда Ақтаудың «Каспийін» қабылдайды. Кездесу сағат 21:00-де басталады. Бұл ойынға билеттерді бүгіннен бастап біздің ресми сайтымыздан (fctobol.kz.) сатып ала аласыз. Билет бағасы – 1000 теңге, зейнеткерлер мен балаларға 500 теңгеден. 17 маусым күні билеттер стадионның кассасында сатылады. Сайттан сатып алған билеттеріңізді қағазға басып шығарудың қажеті жоқ. Оны ойынға келгенде телефоныңыздан…