12 Шіл

«Тобыл» футбол клубы мен «Орталық» стадион әкімшілігі «Ференцварошқа» қарсы ойынның онлайн-көрсетілімін ұйымдастырады. Стадион матчтың бассталуына бір сағат қалғанда ашылады. Ойын 00:00-де басталмақ. Стадионға кіру тегін. Клуб атрибутын өзіңізбен ала келіңіз. Просмотров: 44

12 Шіл

16 шілде күні қостанайлықтар «Орталық» стадионда Ақтөбені қабылдайды. Кездесу сағат 19:00-де басталады. Бұл ойынға билеттерді бүгіннен бастап біздің ресми сайтымыздан (fctobol.kz.) сатып ала аласыз. Билет бағасы – 1000 теңге, зейнеткерлер мен балаларға 500 теңгеден. Просмотров: 56

10 Шіл

«Тараз» қақпасына гол соққан жартылай қорғаушының ойын соңындағы пікірі: – Бұл осындай жоғары дәрежедегі турнирдегі алғашқы ойынымыз болды. Жігіттер матч алдында сәл қобалжыды, бірақ кездесу басталысымен толқынысымыз да бәсеңдеді, ары қарай біз өз футболымызды көрсетуге тырыстық. Мұндай футбол атмосферасын алғаш рет көруіміз, бір жағынан, жанкүйерлердің қолдауы бізге сенімділік берді. «Тараздың» құрамында жоғары дәрежелі ойыншылар бар, жылдамдығы…

09 Шіл

Olimpbet-Кубоктің 1-турындағы «Тараз» мен «Тобылдың» ойыны тікелей эфирде ПФЛК-ТВ YouTube-арнасында көрсетіледі.. Матч 21:00-де басталады. Сонымен қатар аталмыш кездесу Qazsport телеарнасының ресми сайтында да қолжетімді. Ал шетелдегі жанкүйерлер осы турдағы барлық ойындарды elevensports.com және onefootball.com сайтарында көре алады. Просмотров: 30

07 Шіл

Сары-жасылдардың бас бапкері «Ференцварошқа» қарсы өткен ойыннан соң журналистердің сұрақтарына жауап берді. М.Миланович: – Ең алғашқы айтарым – атмосфера. Жанкүйерлерімізге бүгін көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Біз енді осындай атмосферадан соң Будапештте оларды жеңуге міндеттіміз. Ойынға келсек, гол соқпағанымыз өкінішті. Бізде көптеген мүмкіндік болды. Әсіресе бірінші таймда 20-25 минут бойы басымдық біздің жақта еді. Екінші…

07 Шіл

«Тобыл» Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу айналымында Венгрияның «Ференцварошын» қабылдап 0:0 есебімен тең түсті. Қостанайдағы «Орталық» стадионда есеп ашылмады. Алаң иелері 90 минуттың ішінде 15 соққы жасап, оның үшеуін дәл бағыттады. Ал қонақтар болса Мокин қақпасын 10 рет нысанаға алып, екі рет дәл соққы жасады. Енді қарымта ойын 13 шілде күні Будапештте өтеді. Жеңіске жеткен команда…

06 Шіл

УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі аясындағы «Тобыл» мен «Ференцварош» ойынын тікелей эфирде республикалық QAZSPORT HD телеарнасынан көре аласыз. Матч 20:00-де басталады. Просмотров: 66