Осыдан жиырма жыл бұрын Нұрбол Жұмасқалиев “сары-жасылдар” сапындағы алғашқы голын соқты.
2000 жылғы чемпионаттың екінші туры аясында сары-жасылдар Талдықорғанға қонаққа барды. Ойында жас жартылай қорғаушы Жұмасқалиев өнер көрсеткен болатын. Кездесудің екінші минутында Нұрбол команда сапындағы бірінші голымен көзге түсті. Жетісулықтар есепті теңестіргенімен, қостанайлықтар “Жұманың” екінші голымен жауап қайтарды.
Матчтың аяқталуына 3 минут қалған алаң иелері «Тобыл» қақпасынан сақылау тапты. Бірақ ойын соңында Звонаренко мен Жұмасалиев тиісінше 88 және 90 минуттарда командасына жеңіс әкелді.
Осылайша, атақты шабуылшы Қостанай клубы сапындағы бірінші голын соға білді. Қалғанын жанкүйерлер жақсы біледі.