Дмитрий Мирошниченко: Жүйелі ұжым екенімізді көрсеттік

“Тобыл” қорғаушысы Дмитрий Мирошниченконың Көшетаудағы ойын туралы пікірі

– Көкшетаудағы ойын туралы пікір білдіре кетсеңіз… Қаншама “сары” қағаз көрсетілді. Мұның себебі неде?
– “Оқжетпестің” жанкүйерлері алдында жақсы ойын көрсетуге тырысқаны белгілі. Ескерту қағазының көптігі осыған да байланысты. Допқа талас-тарыстар, ойын тәртібінің өрескел бұзылуы да сондықтан. Кездесу қорытындысын жанкүйер асыға күтті. Ол қызықты өтті деп ойлаймын. Жалпы, чемпионат туралы айтсақ, осы жылы жақсы командалар жиналған.”Оқжетпес” – соның бірі.
– “Тобыл” чемпионаттағы ұпай жоғалтпаған жалғыз команда ретінде өзін танытты?
– Рас, жүйелі ұжым екенімізді көрсеттік. Енді бізбен бәрі санасатын болады. Осы қарқынды жоғалтпасақ, әдемі футбол көрсететінімзге шүбә келтірмеймін.
– “Тобыл” енді “Жетісумен” ойнайды. Қарсыластың қарқыны қалай?
– “Жетісу” техникалық жағынан шебер футболшылардан құралған команда. Команданы өрге сүйрейтін футболшылар жетерлік. Әзірге клубтың қарқыны туралы сөз қозғауға ерте.
– Жанкүйерлер туралы не дейсіз?
– Әрине! Оларға тек қана алғыс. Жанкүйерлер – команда жеңісінің бір себепкері. Көкшетауда біз үлкен қолдауға ие болдық. Жалғыз емес екеніңді түсенген қандай тамаша! Үйдегі ойындарда да солай. “Жетісуға” қарсы ойында да сол қолдауды күтеміз.

 

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • «Иртыш» — «Тобол»: фото
  • Милан Миланович: «У нас было два хороших момента»
  • Нурбол Жумаскалиев: «Знали, что будет другая игра»
  • «Иртыш» — «Тобол»: обзор матча
  • «Иртыш» — «Тобол»: трансляция
  • «Иртыш» — «Тобол»: смотрим в «LUX»!
  • Тренировка перед «Иртышом»: видео
  • И снова здравствуйте
  • Олег Лотов: «Контролировали игру»
  • Максим Федин – 50 матчей за «Тобол»