Сартаков командадан кетті

Григорий Сартаков “Тобыл” футбол клубымен қош айтысты

“Тобыл” ФК қорғаушысы Григорий Сартаков жанкүйерлерімен Instagram желісінде қоштасты. Басты себеп – денсаулық жағдайы.
– Қоштасуға тура келіп тұр, дегенмен денсаулықты ретке келтіру керек. Соңғы рет емделемін деген үмітім бар. Қостанай туған қаламдай болып кетті. Қимай қоштасамын! – дейді Гриша.
Григорий Сартаков “Тобылда” 2 жыл доп тепті. Өзін әмбебап ойыншы екенін көрсетті. Алайда, ескі жарақаты сыр беріп, бірнеше ота жасатты. Клуб оны 2019 жылғы маусымға қоса алмаса да, емделуге мүмкіндік берді.
– Сартаков клубтың назарында жүреді. Белгілі жағдайларға байланысты ол клубқа қайтып келе алады. Біз оны үнемі қолдаймыз, – деді “Тобыл” директоры Николай Панин.

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Жаслан Жұмашев: «Мүмкіндікті пайдалануға тырысамын» 
  • Оралхан Өміртаев: «Голымды барлық медицина қызметкеріне арнаймын»
  • Үш ойыншы дебютін өткізді
  • «Тобол» — «Каспий»: обзор
  • Григорий Бабаян: «Жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз»
  • Тобыл – Каспий: матчқа фотошолу
  • «Тобол» — «Каспий»: тікелей эфир
  • Мы возвращаемся
  • «Тобол» — «Каспий»: судит Кызылбаев 
  • «Орталық» стадионы мен «Тобыл Арена» чемпионатқа дайын