Душан Йованчич – «Тобыл» ойыншысы

Қостанайлықтар сербиялық ойыншыны Түркияның «Ризеспор» командасынан жалға алды.
Душан 1990 жылы Белград қаласында туған. Ол 20 жасында жергілікті «Славия» командасына алынды. 2018 жылға дейін «Сумадия», «Земун», «Борац Чачак», «Воеводина» командаларында доп тепті. Мұнан соң футболшы атақты «Црвена Звезда» ұжымына қосылды. Клуб сапында бірнеше жекелей атақтарға қол жеткізді. Душан Чемпиондар лигасында «Ливерпуль», «Бавария», «Наполи» сынды алпауыт командаларға қарсы өнер көрсеткен.
2018-2019 жылғы маусымда Сербия Суперлигасының үздік ойыншылары қатарына енді.

Азаматтығы: Сербия
Бойы: 186 см
Салмағы: 75 келі
Алаң шебі: жартылай қорғаушы
Ойын нөмірі: 29 



  • Жастар жеңіске жетті
  • Александр Москаленко: «Кезекті рет мүмкіндіктерді мүлт жіберіп қойдық»
  • Бриджидо алаңға шықпайды
  • Төреші бекітілді
  • Олег Лотов: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Тобол Ж – Ақсу-Павлодар: тікелей көрсетілім
  • Александр Москаленко: «Команда жеңіске деген жігер танытты»
  • Тобыл – Каспий: фотоесеп
  • Тобыл – Каспий: тікелей көрсетілім
  • «Тобыл» — «Каспий»: төреші бекітілді