Душан Йованчич – «Тобыл» ойыншысы

Қостанайлықтар сербиялық ойыншыны Түркияның «Ризеспор» командасынан жалға алды.
Душан 1990 жылы Белград қаласында туған. Ол 20 жасында жергілікті «Славия» командасына алынды. 2018 жылға дейін «Сумадия», «Земун», «Борац Чачак», «Воеводина» командаларында доп тепті. Мұнан соң футболшы атақты «Црвена Звезда» ұжымына қосылды. Клуб сапында бірнеше жекелей атақтарға қол жеткізді. Душан Чемпиондар лигасында «Ливерпуль», «Бавария», «Наполи» сынды алпауыт командаларға қарсы өнер көрсеткен.
2018-2019 жылғы маусымда Сербия Суперлигасының үздік ойыншылары қатарына енді.

Азаматтығы: Сербия
Бойы: 186 см
Салмағы: 75 келі
Алаң шебі: жартылай қорғаушы
Ойын нөмірі: 29 



  • Душан Йованчич: «Жылдам гол соққымыз келді»
  • Жүлдегерлер марапатталды
  • Александр Москаленко: «Алда өте қиын ойын күтіп отыр»
  • Тобол – Шахтер: фотоесеп
  • Тобыл – Шахтер: бейнешолу
  • Аманович марапатталды
  • Қайыров көмектесе алмайды
  • Келесі қарсылас – «Шахтер»
  • Ойын алдындағы статистика
  • Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»