Грузия футбол федерациясы жыл сайынғы GFF Awards марапаттау рәсімін өткізді.
Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы Джаба Канкава Грузияның үздік футболшысы атағына үміткерлер қатарында болды. Жеңімпаз Грузия құрамасының ойыншылары мен Грузия чемпионаты командаларының капитандарына сауалнама жүргізу арқылы анықталды.
Грузиядағы жылдың үздік ойыншысы болып “Рубин” футболшысы Хвич Кварацхелия танылды. Бұл атаққа тағы бір үміткер Донецк “Шахтерінің” Давид Хочолава екінші сатыдан көрінді.
Естеріңізге сала кетейік, Джаба Канкава 2015 және 2019 жылдары Грузияның үздік ойыншысы атанды.