Футбол орталықтары мен академиялары арасындағы ҚР Біріншілігі 1-туры аясында “Тобыл” ФК 2000, 2001,2002 ж.т жасөспірімдер командалары ойындарын өткізді.
Алдымен, Юрий Иванов жаттықтыратын “Тобыл-2002” “Шахтер-2002” ұжымынан ұтылды. Есеп – 1:2. 3-минутта пенальтиден “Шахтер” ойыншылары есеп ашса, 8-минутта қостанайлық Дубровин 11 метрден мүлт кетпеді. Ал ойынның аяқталуына 8 минут қалғанда “кеншілер” жеңісті жұлып әкетті.
Дмитрий Лакамовтың “Тобыл-2001” жастары Талдықорғанда “Қайсар-2001” командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл кездесуде Жүргенов бір гол, Ермекбаев екі мәрте мергендігімен танылды.
Вячеслав Попырко жаттықтыратын “Тобол-2000” құрамасы Шымкентте “Шахтерді” жеңді.
– Бұл ойын тартысты өтті. Қарсыластар мығым дайындалған. Ойын соңына таман қорғаушы Ілияс Әлмұхамедов жеңіс сыйлады. Ол бұрыштама добына бірінші жетіп, гол соқты. Ендігі ойын 18 сәуірде өтеді, – деді “Тобыл-2000” бапкері Александр Горналев.
“Тобыл” ФК баспасөз қызметі