«Тобыл» ФК Еуропа Лигасы ойындарын Нұр-Сұлтан қаласында өткізеді
15 маусымнан бастап Қостанайдың халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына жабылады. Жұмыстың болжамды мерзімі – екі жарым ай. Дәл осы уақытта Еуропа Лигасының бірінші кезең матчтары өтетін болады.
Айта кету керек, “Тобыл” ФК қаладағы халықаралық әуежайдың болмауына байланысты еурокубок ойындарында өнер көрсету үшін “Орталық” стадионын сертификаттаудан өткізе алмайды.
Еске салсақ, іріктеу ойындары 18 маусымда басталады.