ҚФФ Бас хатшысы отандық клубтарға үндеу жолдады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы қазақстандық клубтардың басшыларымен бейнеконференция өткізді. Бұл жиынға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин қатысты.

Азамат Серікұлы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатын жалғастыруға қатысты Федерация мен Лиганың жоспарларымен бөлісті. Аталған жарыс 3 тамызда басталып, бір локацияда, яғни Алматы және Талғар қалаларында өтеді.

– Лиганың барлық мүшелері, қазақстандық клубтарға үндеу жолдаймын. Маусымның қалған бөлігін 2020 жылда өткізу – ҚФФ мен ҚКФЛ негізгі мақсаты.

Алматы мен Талғар қалаларында ойындарды өткізу Чемпионатты жалғастырудың ең қолайлы формуласы екенін айта кету керек. Бұл жағдайда отандық клубтар қатынау жағынан, ойыншыларды ойындардан кейін қалпына келтіру жағынан уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туғазады. Жеке автобусты пайдалану, бір базада тұру және де басқа адамдармен қарым-қатынасты азайтып, карантиннің шарттарын сақтау – эпидемиологиялық құрғыдан дұрыс шешім.

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысатын барлық командалар мемлекеттік органдармен келісілген санитарлық Протоколдың барлық шарттарды қабылдады, ойындарды жалғастырмас бұрын олар ПТР тест тапсырады. Ойыншылардың денсаулығын бақылау жағынан клубтың медициналық қызметкерлеріне үлкен жүк түседі. Мен барлық клубтың басшыларын бұл қиын уақытта клуб қызметкерлерін қолдауға шақырамын.

Қазақстан футбол федерациясы Чемпионатқа қатысатын командалардың барлығана бірдей көмек көрсету ниетімен Талғар қаласындағы спорттық базаның алаңдарын жаттығу өткізуге ұсынады. Клубтар бір қалада ойнайтын болғандықтан алаңдарды жалға алу жағынан қиындықтар туындайтынын түсінеміз, сол себепті жан-жақты көмек беруге тырысамыз.

Отандық футболдың тарихында алғаш рет бір қалада өтетін Чемпионаттың барлық ойындары QAZSPORT республикалық телеарнаның тікелей эфирінде көрсетілетіні жақсы жаңалық. Бұл мүмкіндік ҚФФ басты серіктесі OLIMPBET арқасында жүзеге асты.  

ҚФФ маусымды жалғастыруға қатысты барлық сұрақтары мемлекеттік органдармен келісілуде. Футбол мемлекетте болып жатырған жағдайларға тәуелді. Сондақтан елде болған өзгерістер футболға әсер етуі мүмкін. Біздер барлық мемлекеттік органдармен тығыз байланыстамыз.    

ҚКФЛ Бірінші және Екінші лига жарыстарын өткізу жолдарын ойластыруда. Бірінші лига біріншілігіне қатысатын командалар екі конференцияға 7 командадан бөлінеді.  Егер елдегі жағдай дұрысталмаса, онда әр конференцияның ойындарын бір қалада өткізу жоспарлануда.  

Екінші лигаға да қатысты арнайы нұсқалар қарастырылуда. Лигаға  21 команда тіркелді. Әзірше барлық командаларды 4-5 конференцияға бөліп, әр конференцияның кездесулерін бір қалада өткізу ойда бар. Содан кейін конференцияның үздіктерін бір жерге жинап, тағы бір кезең ұйымдастыру жоспарда бар.  

Қорытындылай келе осындай қиын уақытта біздің футбол жанұямызға кіретін барлық мүшелерді бір жұдырықтай жұмылып, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырамын! Қойылған шарттар отандық клубтардың қолдауына ие болды. Үлкен футболдың қайта оралуы қазақстандықтар үшін күнделікті өмірдің өз орнына  оралуының белгісі болуы мүмкін. Біздер жанкүйерлер үшін қызмет етеміз. Сондықтан да бәріміз отандастарымыздың өміріне футболдың қайтып оралуының барлық мүмкіндіктерін пайдалануымыз қажет.     



  • Топ действующих футболистов клуба по количеству матчей
  • Экс-костанайцы – в символической сборной Восточной Европы
  • Жереми Манзорро – «Тобыл» футболшысы
  • О возможном переходе Турысбека
  • 🎞Наша история. Голы матча «Тобол» – «Жетысу»
  • Проведение футбольных соревнований отложено
  • Сырқаттанғандар жоқ
  • Сәттілік, Стивен!
  • Лука, рахмет саған!
  • Көңіл айтамыз