Григорий Бабаян: «Жеңіске деген жігер басым болды»

Сары-жасылдар бапкерінің «Ордабасымен» ойын туралы пікірі:

– «Қайраттан» жеңіліп қалған соң жанкүйерлердің алдында намысқа тырыстық. Бұл міндетті орындай алдық деп ойлаймын. Жақсы футбол көрсеттік. Бірінші минуттан бастап ойын басымлығы біздің тарапта болды. Алаңның әр тұсында жинақы ойнадық.

Жеңіске жеген жігер басым болды. 3-4 сәтті қажетімізге жарата білсек те, дәлдік жағынан әлі де атқарар жұмыс көп.

Үш күн өткен соң бізді тағы бір матч күтіп тұр. Сапалы жаттығу жасап, сәтті ойын көрсетуге тырысамыз. Сонда ғана жоғарғы орындардан мүмкіндік бар.

– Самат Жарынбетовтің қорғаныстың оң жағында ойнауына не түрткі болды?

– Негізгі құрамдағы Дмитрий Мирошниченко пен Арман Оганесян жарақаттарынан толық айыққан жоқ. Соңғы уақытта ол қапталда Карлуш Фонсека ойнап, біраз күш жұмсады. Сол себепті Саматқа зор мүмкіндік бердік. Ол жаман ойнаған жоқ.



  • Николай Панин: «Получили только резолютивную часть решения по делу Кассая»
  • Султан Абилгазы: «Нужно продолжать упорно работать»
  • Григорий Бабаян: «Ни в коем случае нельзя расслабляться»
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Өткен ойынға фотошолу
  • Аманович алаңға шықпайды
  • Құрамадағы жігіттер: Арман 4 матчқа шықты
  • Құрамадағы жігіттер: үздік үштікте
  • Құрамадағы жігіттер: Литваға есе жіберді
  • Құрамадағы жігіттер: жастар жеңілді