Григорий Бабаян: «Тыңнан шыққан ойыншылар серпін берді»

Сары-жасылдардың бас бапкері «Атыраумен» өткен ойыннан соң сұхбат берді:

– Матч алдында кадрлық проблемаларға болдық, сондықтан құрамға белгілі бір түзетулер енгізуге тура келді. Бірінші тайм тең дәрежеде өтті, біз үнемі доппен жүрдік, қақпаға қанша жақындасақ та, соққы бағыттауға мүмкіндік тумады. «Атырау» өте агрессивті және ұйымдасқан түрде ойнады, олардың құрамында сапалы орындаушылар бар екенін атап өту керек.

Екінші таймда қонақтар қарсы шабуылға шығып, гол соғатын жүз пайыз мүмкіндікке ие болды. Бұл іздің қорғаушылардың өрескел қателігі, мұндай қателіктер кешірілмейді. Негізі екінші тайм жақсы өтті деп ойлаймын. Команданың өз футболынан бас тартпағаны қуантты.

Лобжанидзе, Манзорро және Йованчич бүгін алаңға жарақатынан айыққан соң шықты. Олар үшін ойын ырғағын сезіну маңызды. Ал, жалпы алғанда, ойынға көңілім толды. Тыңнан қосылған футболшылар қосымша серпін берді. Осылай аянбай жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек, чемпионат қиын, ешкім ұпай ұстата салмайды. Қазір келесі ойынға дайындалуға аз уақыт бар. Барлығын талдап, Шымкенттегі матчқа жақсы дайындалу керек.

 

 



  • Нұрғалиев пен Малый үздіктер құрамында
  • Капитан-рекордшы
  • Александр Москаленко: «Футболшылардың жеңіске деген жігері күшті болды»
  • Тобыл – Жетісу: ойынға фотошолу
  • (РУС) Билеты на сайте
  • Жаңа құраммен
  • (РУС) Григорий Бабаян: «Такого предложения может уже и не быть в дальнейшем»
  • Олег Лотов: «Қарсылас стандарттарды сәтті жүзеге асырды»
  • (РУС) Прими участие в опросе в целях обновления Стратегии развития футбола!
  • Григорий Бабаян «Тобылдан» кетті