Григорий Бабаян: “Бапкер төлқұжатқа қарамайды”

“Оренбургпен” ойыннан соң сары-жасылдардың бапкері пікір білдірді::

– Жалпы, біз жақсы ойын өткіздік. Физикалық жағдай тұрғысынан қиын болды, біз әлі де оңтайлы жағдайдамыз деп айта аламыз. Екі түрлі тайм болды: бірінші таймда қарсыласқа басымдық берілді. Ұйымдастыру жеткіліксіз болды, бұл үшін әлі де жұмыс істеу керек. Дегенмен, ең бастысы тәртіп керек.

Кей сәттерде шабуылдарды дұрыс құру үшін жинақылық жетіспей жатты, ал қорғаныста бұл аса қажет. Екінші таймда, менің ойымша, бізде басмыдық болды. Гол соғатын сәттер пайда болды, бірақ оны іске асыру оңайға түскен жоқ. Екінші таймда біз 2-3 гол соғатындай мүмкіндікке ие болдық.  Айта кету керек, бүгін ашық футбол болды,  қарсыластар да гол соғар еді.

Біз жақсы тәжірибе алдық. Жастардың ойнауына мүмкіндік беру маңызды. Жігіттерге жеңіске деген жігері жақсы. Иә, физикалық тұрғыда проблемалар әлі де бар. Кейбіреулері жақсырақ дайын, кейінірек командаға қосылғандар сәл нашар. Бірақ бұл қалыпты процесс, қазір қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Тағы да айтайын, біз осы жылы тек үшінші матчты өткіздік. Футболда ғажайыптар бола бермейді, бәрін дұрыс және кезең-кезеңімен іске асыру керек.

– Алаңға бірінші минуттан бірнеше жас ойыншы шықты. Олардың ойыны қандай әсер қалдырды?

– Иә, бүгін бір топ жас футболшы ойнады. Олар тырысты, барлық күшін алаңда қалдырды. Әрине, мен олардың сенімді әрекет еткенін қалаймын. Себебі алаңға шыққан кезде ешкім төлқұжатқа қарамайды. Сен “Тобылдың” жейдесін кидің, клубтың намысын қорғайсың. Мұнда агрессия қажет, мұнда спорттық мінез қажет. Бұл компонент бойынша әлі де жұмыс істеуіміз керек. Оларға әлі шеберлік жетіспейді.

— Бүгін “Тобыл” ойынында өткір сәттер көп болды. Команда шабуылы әлі де өрістей түсетін шығар?

– Қарсылас қақпасының алдында, әсіресе екінші таймда көптеген қауіпті сәттер болды. Бірінші таймда, мен айтқандай, гол соғатын мүмкіндік өте аз болды. Ойыннан ойынға ептілік қосылады деп үміттенемін, сонымен қатар бүгін команданың жаңа ойыншысы Лобжанидзе ойнаған жоқ. Ол командамен тек екі жаттығу өткізді және 2,5 ай жаттығу жасамады, бұл футболшы үшін үлкен үзіліс. Сондықтан оны қалыпты жағдайға келтіру үшін уақыт қажет.



  • Жартылай финалдың фотошолуы
  • Александр Мокин: «Жеңіске лайықты болдық»
  • Григорий Бабаян: «Нас ждет интересный финальный матч»
  • «Тобыл» финалда!
  • Жанкүйерлерге құлаққағыс!
  • Душан Йованчич – «Тобыл» ойыншысы
  • Ресми хабарлама
  • Олег Лотов: «Футбол орталығының ойыншыларын бақылаймыз»
  • Жастар жүлдеге таласуда
  • Григорий Бабаян: «Важно было показать свой рисунок игры»