Григорий Бабаян: «Екі түрлі тайм өткіздік»

Қостанайлық “Тобылдың” бас бапкері Григорий Бабаян “Таразбен” болған ойынға қатысты пікір білдірді (3:0):

– Матчқа келетін болсақ, ойын екі таймға бөлінді. Ұйымдастыру тұрғысынан өте жақсы бірінші тайм өткіздік, тактикалық тұрғыдан қарсыласқа кеңістік берместен жоғары қарқында қысым көрсете білдік. 

Екінші таймға келетін болсақ, біздің жігіттер оны нашар өткізді, қарсыласқа көп мүмкіндік берді. Біз нашар қорғандық, соның салдарынан Тараз футболшылары қақпа алдында қауіп төндірді. Үшінші голды соғып, ойынды жеңіспен жеткізгеніміз жақсы болды.

“Тараз” – өте ұйымдасқан команда және оның турнирлік кестенің жоғарғы жағында орналасқандығы кездейсоқ емес. Қазір бізде бір апта үзіліс бар, біз аздап қалыпқа келе аламыз. Өте тығыз кесте болды, белгілі бір қобалжулар бар және келесі матчтарға сапалы дайындалу үшін қажетті үзіліс алу маңызды.

Зоран туралы айтқанда, ол бұлшық етіндегі проблемаларды сезінді және оны ауыстыруға тура келді. Ертең біз МРТ жасаймыз, содан кейін оның жарақат дәрежесі белгілі болады.

 

 


  • Келесі қарсылас – «Атырау»
  • Айналым аяқталды
  • Самат Жарынбетов: «Командаға пайдамды келтіруге тырысамын»
  • (РУС) Турнир девушек
  • Григорий Бабаян: «Екі түрлі тайм өткіздік»
  • Билеттер сатылымда
  • Григорий Бабаян: «Ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек»
  • Олег Лотов: «Жігіттердің жасыл алаңды сағынып қалғаны көрінді»
  • Екінші лига командалары арасындағы біріншілік басталды
  • Азат Нұрғалиев 85-ші голын соқты