Григорий Бабаян: «Ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек»

«Каспиймен» өткен кездесуден (1:2) соң қостанайлық команданың бас бапкері сұхбат берді:

– Өте нашар матч өткіздік. Бірінші минуттан бастап техникалық қателіктерге бой алдырдық. Бұл, біріншіден, алаң сапасына байланысты. Бірақ ойынға дейін де алаңның мұндай жағдайда екенін жақсы білдік. Сол себепті қорғаныста сауатты ойнау керектігін айттық. Өзіміздің қателігімізден соң кіргізіп алған бірінші гол бәрін бұзды. Жинақылық жоғалып, шашыраңқы ойнап кеттік, керісінше «Каспий» гол соғатын сәттерді үдете түсті.

Екінші таймда ойынға өзгеріс енгіздік, тың футболшыларды шығарып, ашық ойынға көштік. Алайда қарымта шабуыл кезінде гол енгізіп алдық. Бар күшімізді шабуылға жұмылдырғанымызбен уақыт аздық етті.

Меніңше, «Каспий» заңды тұрғыда жеңіске жетті. Біз ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек. Егер ұпай алғымыз келсе, шабуыл мен қорғаныста сауатты ойнауымыз керек. Бұлай болмаған күнде жеңіске жету туралы әңгіме қозғау артық.



  • Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»
  • (РУС) Олег Лотов: «Если ты не забиваешь, ты не выигрываешь»
  • Дмитрий Мирошниченко операциядан шықты
  • «Тобол Ж» — «Жеңіс»: тікелей эфир
  • (РУС) «Тобол 2012» – в полуфинале
  • (РУС) Турнир девичьих команд: прямой эфир
  • Сергей Малый 50-ші матчын өткізді
  • Игорь Сергеев Өзбекстан құрамасына шақырылды
  • (РУС) «Золотая осень» принесла золото костанайцам
  • (РУС) Опровержение