Григорий Бабаян: «Жанкүйерлер үшін жақсы матч болды»

 “Тобылдың” бас бапкері Григорий Бабаян түркістандық “Тұранмен” болған ойынға қатысты пікірін білдірді (5:0):

– Осындай ірі есепке қарамастан, ойын оңай болған жоқ. Есеп 3:0 болғанға дейін “Тұран” қарқынын тоқтатпады, бірақ соңында біз екі гол соттық, тағы да гол соға алдық. Жалпы жақсы ойын деп ойлаймын, допты бақылауда ұстадық.
Бірінші таймда іс-қимылдардың барлығы ұнаған жоқ. Бұл туралы біз жігіттермен үзіліс кезінде сөйлестік. Команданың гол жіберіп алмағаны маңызды. “Қайратпен” ойнағаннан кейін белгілі бір қобалжулар болды, өйткені көп эмоция кетірдік. 

Біз үш ұпай алып, әрі қарай жылжимыз. Төрт күннен кейін “Каспийге”қарсы ойын өтеді. Біз өте мықты қарсыласқа қарсы ойынға сапалы дайындалуымыз керек.

Жастар туралы айтатын болсақ, Күлпейісов жаман ойнаған жоқ. Ол позициясын жақсы ұстады, агрессивті түрде күреске кірісті, доппен сенімді ойнады. Жаслан жақсы гол соқты, бірақ оның қалған әрекеттерін мақтай алмаймын. Қажетсіз пастар берді, позициялық тұрғыда нашар ойнады. Бұл компоненттерде ол көп жұмыс істеп, қосуы керек.
Ең бастысы, ол гол соққаннан кейін өзіне қойылатын талапты төмендетпеуі тиіс. Жастар дамып, одан да күшті жұмыс істеуі керек. Бәсекелестік деген өте қатал нәрсе, егер сіз өзіңізге қойылатын талаптарды аздап төмендетсеңіз, онда футбол бірден жазалайды.
Біздің бүкіл командамыз тезірек ойнау үшін, қорғаныста одан да тығыз және доппен сенімді ойнау үшін көп жұмыс істеуі, дамуы және өсуі керек.

Жалпы, жанкүйерлер үшін жақсы матч болды, көптеген голдар соғылды және жақсы атмосфера болды деп ойлаймын. Барлық қостанайлықтарды жеңіспен құттықтаймын!



  • Жаңа құраммен
  • (РУС) Григорий Бабаян: «Такого предложения может уже и не быть в дальнейшем»
  • Олег Лотов: «Қарсылас стандарттарды сәтті жүзеге асырды»
  • (РУС) Прими участие в опросе в целях обновления Стратегии развития футбола!
  • Григорий Бабаян «Тобылдан» кетті
  • Біздің қарсылас – Хайдук
  • Николич үздіктер құрамасында
  • Билеттерді онлайн сатып алыңыз!
  • Өткен ойынның фотоесебі
  • (РУС) Григорий Бабаян: «Очень хороший первый тайм провели»