Григорий Бабаян: «Жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз»

“Каспиймен” өткен ойыннан кейін Қостанай клубының бапкері түсініктеме берді:

– Екі команда да қиын жағдайға тап болды. Бізде шамамен он адам алаңға шыға алмай қалды және қарсыластарда да осы жағдай. Бұған дейін біраз ойнаған жоқпыз, сондықтан бүгін күрделі матч болды. Бұл ретте шыдамдылық пен жігер маңызды рөл атқарды. Шабуылды ұйымдастыру жағынан бәрі жақсы шықты. Мен бұл тұста үлкен проблема көріп отырған жоқпын.

Ойынды, әсіресе, екінші таймды бақылауда ұстадық. Бірінші таймда позициялық ойын болды. Жігіттер қобалжуға жол беріп жатты, әрине алаңға бірінші рет шыққан жас футболшылар бар.

Екінші таймда ойынды өз бақылауымызға алып, матч соңында маңызды гол соқтық. Бірінші голдан кейін “Каспий” еңсе түсірді, ал біз тиісті жеңіске қол жеткіздік. Жалпы алғанда, бұл ойынды біз асыға күттік. Қаншама проблемалар бар. Тек футболда ғана емес, бүкіл әлемде осы қиындыққа тап болды. Логистикамен де, оқыту процесімен де, көптеген аспектілермен де олқылықтар байқалады. Мәселе жетерлік, бірақ чемпионаттың басталғаны жақсы. Біз оны ұзақ күттік, біз үшін жеңіспен бастау маңызды болды, себебі үйде ойнадық. Көптеген футболшылардың ойнамағанына қарамастан, ұпай жоғалтқымыз келмеді. Жігіттерге рахмет айту керек, себебі бүгін олар жанкешті ойнады. Жастар командасының балаларына алғыс айтқым келеді.

Барлық жанкүйерлерді осы жеңісімен құттықтағым келеді. Әрине, бос трибуналарда ойнау өте жақсы емес, біз жанкүйерлеріміздің қолдауына мұқтажбыз. Сондықтан да қостанайлықтар мен барлық қазақстандықтардың денсаулығы маңызды. Бұл жеңісті біз бірінші кезекте жанкүйерлерге арнаймыз.

Қазір тез дайындалу маңызды, бізде уақыт аз, үш күннен кейін “Астанамен”ойнаймыз. Ертеңнен бастап астаналықтармен өтетін матчқа дайындық жүргіземіз.



  • 🎞Наша история. Голы матча «Тобол» – «Жетысу»
  • Проведение футбольных соревнований отложено
  • Сырқаттанғандар жоқ
  • Сәттілік, Стивен!
  • Лука, рахмет саған!
  • Көңіл айтамыз
  • Экс-костанайцы – в символической сборной Сербии
  • ҚФФ Бас хатшысы отандық клубтарға үндеу жолдады
  • Наша история. Гол Балтиева в ворота «ОФИ»
  • День в истории: победа над «ОФИ»