Григорий Бабаян: «Жүйкеге тиетін ойын болды»

Қостанайлықтардың бас бапкері “Астанамен” өткен ойыннан соң сұхбат берді:
Г.Бабаян:

– Жүйкеге тиетін, эмоционалды ойын болды. Жеңгіміз-ақ келді, бұл кешегі ойыннан көрінді деп ойлаймын. Екінші таймның алғашқы 5-7 минутында қарсыласқа басымдық беріп қойдық. Бізге сергектік жетіспеді, кей тұстарда жігіттер ширақ қимылдай алмады. “Астананың” күшін білеміз, олардың көшбасшылары Марина Томасов пен Тигран Барсегянды “тұсап ұстаудың” жолын қарастырдық. Жалпы жанкүйер жақсы футбол көрді.

Әрине, доп ұстау кезінде әлде де сенімділік керек. Біздің шабуылдаушы тобымыз қарқын қосқаны дұрыс, гол соғатын сәттерді іске асыра алмай жатамыз. Бұл – олардың тікелей жұмысы. Қорғаныстағы жігіттерге де аянбай жұмыс істеу керек.

Ұлттық құрамаға аттанған футболшылар да көп күш жоғалтты. Олар біздің елімізді еуроаренада лайықты қорғады. Біздің 7 ойыншымыз 9 күн ішінде 3 ойын өткізді, оған ұзақ рейстерді қосыңыз. Бұл футболшылар үшін үлкен жүктеме.

Жаттығу кезінде Жереми Манзоро аздап жарақат алып қалды, біз тәуекелге бармауға шешім қабылдадық. 



  • Тағыберген тағы да үздік!
  • Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
  • Билеттер сатылымда
  • Элгуджа Лобжанидзе: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Григорий Бабаян: «Мұндай ойындарда жеңіске жетудің жөні бөлек»
  • Ойын уақыты белгілі
  • (РУС) «Жетісу» – «Тобол»: судит Гаузер
  • Валиуллин үздіктер сапында
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Григорий Бабаян: «Жүйкеге тиетін ойын болды»