Григорий Бабаян: «Ойын оңайға түскен жоқ»

Сары-жасылдардың бас бапкері Премьер-Лиганың бесінші турындағы “Қайсарға” қарсы матчтан соң сұхбат берді:
– Бүгінгі матчта ротация қажет болды, өйткені ұлттық құрамадағы жігіттер тоғызыншы ойынына қатысып отыр. Кейбіріне бірінші таймда, бірнешеуі екінші таймда ойнауға мүмкіндік бердік. Бұған қоса кей футболшылар өз позицияларында ойнаған жоқ. Белгілі бір тәуекелдер болды, бірақ бізде басқа амал қалмады. Бұл матч оңайға түскен жоқ, жылдам гол соғып алған соң бәсеңсіп қалдық. Жігіттер өзіміздің ойын өрнегімізден сәл алыстап кетті.

Бірінші таймда бізде гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Екінші таймда тіпті 200 пайыздық гол соғатын мүмкіндіктерді мүлт жібердік. Осылайша, “Қайсар” соңғы минутқа дейін күресіп бақты. Бізге жеңісті есепті сақтап қалу маңызды еді.

Әрине, белгілі бір сәттерде жігіттердің шаршағаны байқалды. Ойынды ұйымдастыру және допты басқару жағынан қиындықтар болды, бірақ тағы да қайталаймын, мұндай матчтарда бастысы – жеңіске жетіп, үш ұпай жинау.

Келесі матчты “Қайратқа”қарсы өткіземіз. Дұрыс тұжырым жасап, қалыпқа келіп, қазіргі чемпионға қарсы қиын сапарға оңтайлы дайындалу керек.



  • Григорий Бабаян: «Тыңнан шыққан ойыншылар серпін берді»
  • Тобыл – Атырау: фотошолу
  • Самат сапқа қосылмайды
  • Келесі қарсылас – «Атырау»
  • Айналым аяқталды
  • Самат Жарынбетов: «Командаға пайдамды келтіруге тырысамын»
  • (РУС) Турнир девушек
  • Григорий Бабаян: «Екі түрлі тайм өткіздік»
  • Билеттер сатылымда
  • Григорий Бабаян: «Ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек»