Григорий Бабаян: «Мұндай ойындарда жеңіске жетудің жөні бөлек»

«Тобыл» тізгіншісі бүгінгі «Жетісуға» (0:2) қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді.
Г.Бабаян:

– Мұндай алаңда мазмұнды ойын өрнегін көрсету қиынға түседі. Былай қарасаң, жасыл алаң, алайда доп қажетсіз жерде секіріп кетіп жатады. Көп уақыт допқа иелік етуге жұмсалады. Бұған қоса ойындар алдында алаңды дымқылдатпайды. Сол себепті комбинацичлық футбол туралы сөз қозғаудың реті жоқ. Мұндай ойындарда жеңіске жетудің жөні бөлек. Шабуылды ұйымдастыру мен жеңіске деген жігер байқалды. Әр таймда бір голдан соғып, маңызды жеңіске қол жеткіздік. «Жетісу» да жинақы ойнады.

Қазір бізге қайтадан қалыпқа келу керек, алда қиын матчтар күтіп тұр.



  • Григорий Бабаян: «Тыңнан шыққан ойыншылар серпін берді»
  • Тобыл – Атырау: фотошолу
  • Самат сапқа қосылмайды
  • Келесі қарсылас – «Атырау»
  • Айналым аяқталды
  • Самат Жарынбетов: «Командаға пайдамды келтіруге тырысамын»
  • (РУС) Турнир девушек
  • Григорий Бабаян: «Екі түрлі тайм өткіздік»
  • Билеттер сатылымда
  • Григорий Бабаян: «Ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек»