Григорий Бабаян «Тобылдан» кетті

Бүгіннен бастап Қостанайдың «Тобылы» бас бапкер Григорий Бабаянмен еңбек қатынасын тоқтатты.

Тараптар екіжақты келісім бойынша келісім-шартты үзді.

– Алдымен қостанайлық жанкүйерлерге, өңірге және облыстың әкімі Архимед Бегежанұлына алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ бапкерлер штабына, база қызметкердеріне және барлық футболшыларға рақмет айтамын. Қостанайда футбол жақсы дамып келеді, оның дамуы үшін де көп нәрселер атқарылуда. «Тобылда» жұмыс істеген уақытта өз ісін меңгерген нағыз мықты адамдармен таныстым. Барлығыңызға алғысым шексіз, – деп атап өтті бас бапкер.

Өз кезегінде «Тобыл» басшылығы Григорий Бабаянға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, кәсіби мансабында сәттілік тілейді.
Айта кетейік, ол қостанайлықтармен бірге чемпионаттың «күміс» жүлдесін және Суперкубогын ұтты.

Барлығы үшін рақмет сізге!



  • Төрешілер бекітілді
  • Шілде айының үздік голын таңдаймыз!
  • Олег Лотов: «Біз әлі де өрістеуіміз қажет»
  • Мақтаарал – Тобыл: тікелей эфир
  • Бас бапкер бекітілді
  • Аккредиттеу басталды
  • «Жилинамен» – «Астана-Аренада»
  • Рақмет, Неманья!
  • Игорь Сергеев: «Соңғы секундқа дейін күрестік»
  • Александр Москаленко: “Баршаңызды құттықтаймын”