Игорь Прохницкий: «Жылдам гол жеңістен айырды»


«Ақтөбе» ФК бас бапкерінің м.а Игорь Прохницкий ойынды қорытындылады 

– Айтбаевты қандай критерийге қарап бастапқы құрамға қоясыз? Ол бүгін екі гол алып келді. Жұмағалиді қоюға болмай ма?

– Бүгін өте маңызды матч болғандықтан, мен оны бірден осындай ойынға қоя алмадым. Себебі психологиялық жағынан сынып кетуі мүмкін. Құрамға біртіндеп шығару керек, ал Айтбаевтың тәжірибесі молырақ. Біздің екінші таймға құрған жоспарымыз бар еді, бірақ гол жіберіп алған соң, жоспарды өзгертуге тура келді. Көріп отырғандарыңыздай – ойын тағдырын өз пайдамызға шеше алмадық.
– Уақытша қойылған адамға команданы бастап шығу қаншалықты қиын? Сізді қаншалықты тыңдайды?
– Мені қаншалықты таңдайтындарына мен жауап бере алмаймын, оны ойыншылардың өздерінен сұрау қажет. Қазір кім қандай дәрежеде екендігін қарап жататын уақыт емес. Жағдайды қалай да дұрыстау керек… Біз команда болып қиындықтан шыққымыз келеді.

– Сізге қаншалықты қиынға түсіп жатыр?
– Өзіңізді менің орныма қойып көріңіз.Сізге оңай болатын ба еді? Оңай болып кетеді деп ойламаймын. Маған қазіргі уақытта сеніп тапсырды, мен қолымнан келгенше жұмыс жасап жатырмын. Қателесетін де болармын. Бапкерлік жұмыс – бұл творчестволық жұмыс. Бұл жерде қателік болмай тұрмайды.

– Трансферлік терезенің қарсаңында күшейтуге зәру позицияларды көре алдыңыз ба? Екінші сұрақ: әуелетіп пас беруден ештеңе шықпай жатса да, біз неге соны қайта-қайта қайталай береміз?
– Кез-келген бапкер командасының күшейгенін қалайды, мен де. Бірақ қазір мен өз қарамағымдағы жігіттермен жұмыс жасап жатырмын. Бары осы. Қазір мен бәрін бірден өзгерте алмаймын. Әрине, өз командамнан жоғары деңгейлі ойыншыларды көргім келетіндігі анық.
Оң қапталдан әуелете пас бере беруге келсек… Иә, мен әуеден келген пастардың нәтиже бермей жатқанын көрдім. Біз ойынды өзгертіп, төменнен ойнағымыз келген. Біздің ойыншыларымыздың бойы бәкене екендігін білесіздер. Ал қарсылас ойыншылар бойшаң. Мен ойын алдында допты жоғары көтеріп ойнау жайлы ешқандай нұсқау берген жоқпын, бәрі ойын барысында солай болып жатты. Иә, біз әуеде таласта қарсыласқа жол беріп жаттық, допты төменде ұстап, комбинациялы ойынды да жөнді көрсете алмадық. Бірақ екінші таймда допты төменнен ұстап, қарсылас аймағын бұзып жарып, гол соға алдық.

– Бізде Жуниор ойнаған аймақ ақсап жатты. Ермаченко өзіне артылған тапсырманы орындай алмады. Сол орынға қоятын басқа ойыншы болмады ма? Мысалға неге Байтананы шығармадыңыздар?
– Мен әр ойын сайын қарсылас ойынын сараптаймын. Әлсіз, мықты тұстарын саралаймын. Мен өзімнің мықты тұсыммен ойнағанды жөн көремін. Сондықтан да Байтананы қапталға қоя алмадым, оның орны орта аймақ қой. Ал Жуниор шабуылға иек артатын ойыншы. Оның алғы шепте көп пайда алып келетіндігіне сенімдімін. Бізде қорғаныста Аслан, Айтбаев ойнады. Папаның үш ойынға шеттетілгені біз үшін қиын болды. Қайталап айтамын, біз өзімізде бар ойыншылармен ойнадық.

– «Ақтөбе Ж» – «Оқжетпес Ж» командаларының арасындағы матчта тірек аймақта Әбубәкіров өзін жақсы қырынан көрсетті. Осы ойыншының болашағы жайлы не айтасыз?
– Ол ойыншыны білемін. Мен әрқашан жастарды қолдайтын адаммын. Өз футболымызды, әсіресе Ақтөбе футболын қолдай беремін. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, біз Жұмағалиға да, басқа жас ойыншыларға да мүмкіндік беретін боламыз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.



  • Сергеев – үздік үштікте!
  • Зоран Тошич: «Англиядағы бір жыл – мен үшін үлкен футбол мектебі»
  • Футбол орталығына келіңіз
  • Тарихтан тәбәрік: Тобыл – Ақтөбе кездесуі
  • Ержановты еске алып…
  • Мирошниченко ем алып жатыр
  • Асхат Тағыберген — Вахид Масудов жүлдесінің иегері!
  • Александр Москаленко: «Ойынға негізгі құрамды шығара алмадық»
  • Үш ойыншы қатыспайды
  • (РУС) Александр Мокин: «Для меня каждое «золото» особенное»