Келесі қарсылас – “Оқжетпес”

“Тобылдың” 3 турдағы қарсыласы көкшелік клуб жайлы аз-кем ақпар. Владимир Муханов баптайтын «Оқжетпес» тобылдықтарды “Астана-Аренада” қабылдайды. 

“Оқжетпес” ФК Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 13 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
Ең ірі жеңісі (Қазақстан чемпионаты) 1992 жылы – 5:0 («ЦСКА», Алматы)
Ең ірі жеңілісі 2007 жылы – 1:10 («Тобыл», Қостанай)

«Тобол» мен «Оқжетпес» екеуара 37 рет кездескен, қостанайлықтар 24 ойында жеңіске жетсе, 7 кездесуде “Оқжетпес” футболышыларының мерейі үстем болды. Ал тағы 8 матч тең аяқталды.

Биылғы маусымаралық үзілісте “Оқжетпес” құрамы өзгерді. Ойыншылардың орташа жасы – 26,5.

Әсіресе, 23 жастағы ы Еркебұлан Нұрғалиев, Берік Шайхов, 22 жастағы Михаил Голубничий, Сергей Кейлер, 21 жасар Данил Цой, Нұрлан Даиров, және 20 жасар Максим Федин мен Демият Сламбеков команда құрамын толықтырды. Досмағамбетов, Недашковский, Юрин және Волковтар қазіргі құрамның үздіктері саналады.

Статистикаға сенсек, көкшеліктердің командасында қақпашы Саша Стаменкович жоғарғы рейтингте тұр.Екінші орында ескі таныс — Виталий Волков. Витяны қостанайлықтар жақсы тануы тиіс.

«Оқжетпес» – «Тобыл» ойыны KazSPORT арнасында көрсетіледі. Басталуы – 18 наурыз. 14:00.

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • Рахмет Себа!
  • Премьер-лигаға қатысушылар саны кеңейтілді
  • Сергей Малый – үздік үштікте
  • Джаба Канкава – Грузиядағы үздік үштікте
  • Александр Мокин – маусымның үздік қақпашысы
  • «Toyota-ға талас» аяқталды
  • Қақпашылар статистикасы – 2020
  • Алекса Аманович – чемпионаттың үздік бестігінде
  • Малый мен Канкава – үздіктер құрамасында
  • Юрий Коломацкий: «Сары-жасылдар қалаға мереке сыйлады!»