Tag: matchday

Кто ждет “Тобол” в Темиртау?


Представляем соперника “Тобола” в 7 туре чемпионата – карагандинский “Шахтер”.
“Шахтер” – один из двух клубов КПЛ, которые до сих пор не записали на свой счет ни одной победы и пока что лидер антирейтинга по проигрышам. Однако, это не значит, что карагандинцы “мальчики для битья”. Да, пока они пропускают в два раза больше чем забивают, но все переменчиво в футболе – возможно, главный коуч Алексей Еременко просто не нашел еще нужной комбинации. Схему он меняет от игры к игре. Если с “Таразом” его подопечные играли по схеме 4-2-3-1, то с “Акжайыком” – 4-3-3 и 4-4-2, с “Кайсаром” 4-2-3-1 комбинировали с 4-4-3, “Кайрат” и “Астану” принимали по схеме 4-1-4-1. Вероятно, что и подопечные Тетрадзе столкнутся с этим же построением или же его подвидом 4-4-2. В обоих случаях “Тобол” ждет мощный центр полузащиты, откуда будут исходить пасы на фланги. Как показывает типология голов, забитых командой Еременко, большая их часть забита с игры в позиционных атаках. При этом львиная доля приходится на атаки правым флангом. Поэтому стоит обратить внимание на тройку Сзоке, Зошак, Тажимбетов. Добавьте сюда Кадио, Габышева, Аллегрия и Омиртаева и вы получите топ-7 футболистов с самым высоким индексом Instat в команде.
Пока что самым богатым на голы для “Шахтера” выдался последний тур, где подопечные Еременко встречались с собратом по подвалу таблицы “Атырау”. И хотя на поле “Судоремонтника” играть тяжело всем, карагандинцы сумели не только повести в счете, но и могли забить еще. Пропустили два гола со стандартов, но в конце концов взяли одно очко. Так что если здоровья у “кротов” на бетоне “Судоремонтника” и поубавилось, все равно – ничья в Атырау стала хорошим психологическим подкреплением. В минус “Тоболу” также может сыграть накопившаяся усталость, поскольку подопечные Тетрадзе почти одним и тем же составом сыграли на один матч больше, и допустимая ненастроенность на игру с аутсайдером. Одним словом, – игра ожидается сложной.
Начало встречи 16 апреля в 15:00 на стадионе “Металлург” г.Темиртау.

Пресс-служба ФК”Тобол”

Көш басына бір қадам

Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген турында Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойын жылдам қарқында басталды. Бірінші минуттан шыққан тобылдық Ж.Молдақараев пен А.Щеткин А.Бекбаев қақпасын торуылдап жүрді. Алғашқы соққының авторы – Д.Деспотович. Дегенмен, Бекбаев допты бұрыштамаға шығарып жіберді. “Ордабасы” А.Диакатенің соққысымен жауап қайтарды. Доп аутқа кетті.

20 минутқа таман шабуылшы Душан Савич көзге түсті. Оң қапталдан Д.Мирошниченконың пасына бірінші жеткен Д.Савич “теңбілді” тура теуіп, торды бүлк еткізді. 1-0! Иә, “Ордабасы” үздігі А.Нұрғалиевтің орны ойсырап тұр десек болады. Шымкенттіктердің шабуылына дем беретін Таңат Нөсербаевтың да жарақаты бар деседі. Кездесудің басымдығы – қостанайлықтарда. Әзірге ойын бірсыдырғы жүріп жатыр,  талас-тартыс алаңның ортасында.

Келесі сәтте “Ордабасы” ойыншысы Е.Тұңғышбаев алыс тоғыздықты көздеген. Тағы да қиыс. Тайм аяғына таман Д.Непогодов қақпасын голдан аман сақтап қалды. Ол екі бірдей қауіпті соққыға тойтарыс берді. Есепті еселейтін мүмкіндікті Молдақарев-Щеткин жұбы мүлт жіберді. Одан кейін Д.Савичке де дәлдік жетіспеді. Әйткен уақытта таблодағы есеп өзгерер еді. Алда – екінші тайм.

Қостанайлық шабуылшылар бірінші бөліктегідей емес, қимылдарын бәсеңдеткен. Фонтанелло бастаған “ордалықтар” сауатты қорғанып-ақ жүр. Алаң иелері қарымта шабуылдармен ойнауға көшкендей. “Ордабасы” жартылай қорғаушысы Н.Бочаров орта тұстан суырылып шықты. А.Мухутдинов тағы да тәртіп бұзу арқылы тоқтатты. Өз кезегінде Мардан Төлебек те тура теппеді.

Осы уақыттарда допқа иелік ету көрсеткіші де теңесті. Кездесу қарқыны жоғары емес. Қостанай футболшылары есепті сақтауға тырысты. Төреші қосқан үш минутта ешқандай өзгеріс орын алған жоқ.

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі

“Тараздан” айласын асырды

IMG_5375Қазақстан чемпионатының 4 турында “Тобыл” Тараздың өзі аттас клубын қабылдап, үш ұпайға қол жеткізді.

 

Ойын жылдам қарқында басталды. Небәрі 5 минутта қонақтар қауіпті шабуыл жасады. Қостанайлық қорғаушы Ф.Кассайдың қателігін пайдаланған А.Таубай алға ұмтылып, шабуылшы М.Фещукке пас берді. Соңғысы теңбілді жерлетіп тепкен, алайда, қақпашы Д.Непогодов өз орнынан табылды. “Тобыл” Д.Деспотовичтің көмегімен жауап қайырған. Бұл жолы тараздық қақпашы жылдамдық танытты. Ол шабуылшының шиыра тепкен добын бұрыштамаға шығарды.Содан соң “Тобылдың” оң қапталдағы қорғаушысы Д.Мирошниченко қарсыласты алдап өтіп, айып алаңына пас асырды. Команда капитаны Т.Шимковичтің жантая бере қиялай ұрған соққысына тараздықтар тағы да тосқауыл болды. Іле-шала орындалған бұрыш добы Қостанай жігіттеріне нәтиже бермеді.Бірінші тайм аяғына таман “Тараз” жартылай қорғаушысы А.Горбанец айып добын көтерді. Бірақ, ҚР ұлттық құрамасының қорғаушысы С.Малый допқа биік секіріп, қауіптің бетін қайтарды.

 

“Тобыл” футболшылары екінші таймды мүлдем басқа екпінде бастады. 50 минутта А.Тағыберген тура паспен Д.Деспотовичті тапты. Ал Джордже айып алаңына жақындап, оң жақ бұрышқа шірене тартты. 1:0! 

Келесі сәтте Г.Сартаков он метрге жуық тұстан тепті. Тағы да Логиновский! Ол өзіне тура бағытталған соққыны қайтара алды. Бүгін “Тобылдың” бұрынғы қақпашысы өзін өте жақсы қырынан танытты

Мұнан соң кездесудің бас төрешісі Т.Кумашев “Тобыл” капитаны Т.Шимковичті алаңнан қуды. Тоқсан минут та түгесілді. Осылайша, “Тобыл” кезекті 3 ұпайына қол жеткізді. Келесі ойын 4 сәуірде “Ордабасыға” қарсы өтеді. 

 

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі

Тараз

Келесі қарсылас – “Тараз”

Тараз

“Тобылдың” 4 турдағы қарсыласы – “Тараз”

Былтырғы жылы “Тараз” Қазақстан Чемпионатынан тыс қалған-ды. Команданың “серкелері” – Андрей Яковлев, Александр Пищур, Александр Алиев, Малик Мане, Иоан Мера клубпен қош айтысты. “Тараз” тізгінін Ваит Талғаев қайта ұстады. Білікті маман команданы қайта жаңартты. Айтпақшы, “Тараз” құрамын экс-тобылдықтар Логиновский мен Кургулин қосылды.
Қазақ футболының жарық жұлдызы деп бағаланған Еркебұлан Сейдахмет те таразға қоныс аударды. Гранаткин турнирінде танылған жас жігіттің өнеріне алдағы уақытта тағы да сүйсінсек, қанеки!
Әзірге “Тараз” қызылордалық “Қайсарға” ғана жол берді. “Шахтер” мен “Қайрат” “Таразбен” ұпай бөлісті.

Енді 1 сәуірде “Тобыл” Затаболда Тараздың өзі аттас клубымен кездеспек. Ойын сағат 14:00-де өтеді.

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі

“Тобыл” ұпай жоғалтты

Қазақстан чемпионатының үшінші турында “Оқжетпес” Қостанайдың “Тобылын” қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті

Ойын “Астана-Аренада” өтті. Небәрі 4 минутта қостанайлық шабуылшы Ж.Молдақараев айып алаңына еніп, соққы бағыттады. Дегенмен, соққы әлсіз шыққан болу керек, С.Стаменкович допты тырп еткізбеді. Содан соң Шимкович өзінде бар мүмкіндікті пайдалана алмады.

“Тобыл” қақпашысы Непогодов та өз қақпасына төнген қауіптің бетін қайтарып отырды. Көп ұзамай көкшеліктер есеп ашты. Айып добын сәтті пайдаланған Хорват командасын алға шығарды.

Екінші таймда бірінші турдың қаҺарманы Щеткин шықты. Ол Молдақараевты алмастырды. Содан соң Деспотовичтің орнына Савич шықты. Соңғысы алпысыншы минуттарда есепті теңестіруге жақын болды. Әлі де нәтиже өзгеріссіз. Өз кезегінде “Оқжетпес” сауатты қорғанды.

Қостанайлық шабуылшыларға да дәлдік жетіспей жатты. Бас төреші Алешин негізгі уақытқа төрт минут уақыт қосты. Бірінші таймдағы есеп сақталынып қалды.
“Тобыл” ФК баспасөз қызметі