Аңыз адамдар: Данияр Мұқанов

Сары-жасылдар тарихында жарқын ізін қалдырған футболшыларды еске аламыз

Клубтың жаңа заманғы тарихындағы үздік қорғаушыларының бірі Данияр Мұқанов – айдарымыздың кезекті кейіпкері. Ол мансабын 1992 жылы туған туған қаласы Семейдің «Спартагында» («Елімай») бастады. Осы команданың құрамында Мұқанов ел чемпионатын, Кубогі және Суперкубогін жеңіп алды. Қорғаушы 2000 жылға дейін семейлік ұжымда өнер көрсетті, 1996 жылы талдықорғандық «Қайнар» командасына ауысты.

2002 жылға дейін ол «Восток» сапында ойнады. Кейін Даниярдың мансабы «Тобылда» жалғасты. Оның бірінші матчы Ақтөбеде өтті.

Сол 2002 жылдың маусымы «Тобыл» үшін де, Мұқанов үшін де табысты болды. Клуб өз тарихында бірінші рет чемпионаттың қола медалін жеңіп алды, ал Данияр ұжымға тез сіңісіп кетті. Көп ұзамай ол команда көшбасшыларының бірі болды.

«Мен «Тобылда» табысты жылдарымды өткіздім. Чемпион атанып, Қазақстан Кубогін ұттым. Кейін Интертото Кубогін жеңідім. Сол аралықта чемпиондық тұғырға сәл жетпей қалып жүрдік. Ақыр аяғында дегенімізге жетіп, ел чемпионы атандық. Осы үшін Дмитрий Алексеевич Огайға алғысым шексіз. Ол бізді үнемі қолдап отырды. Соның арқасында футболдың не екенін түсіндім», – деп еске алады Данияр Мұқанов.

Қорғаушы Қостанайда 2011 жылға дейін ойнап, «Тобылдан» кетуге шешім қабылдады. Келесі екі маусымды «Ақтөбе», «Атырау» және «Жетісу» командаларында өткізді. 2013 жылы Қостанайға қайта оралып, мансабын аяқтады.

Данияр Мұқанов өзінің табанды және жарқын ойындарының арқасында жанкүйер жүрегін жаулады. Қорғаушы екі мыңыншы жылдары команданың нағыз беткеұстар ойыншысы болаты. «Тобыл» жейдесінде барлығы 264 матч өткізіп, 8 гол соқты, чемпионаттың жеті медалі мен «алтынын» қанжығасына басты, Қазақстан Кубогін жеңіп алды. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының үздік ойыншылары қатарына енді (2003, 2005, 2006, 2008, 2010).

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Мұқанов жаттықтырушы ретінде өзін сынап көрді. 2016 жылы Данияр Жексенұлы қостанайлық «Форумда» жаттықтырушы жұмысын бастады. 2017 жылы «Ертіс» пен «Мақтааралда» қызмет етті. Былтыр «Тобылға» оралып, Нұрбол Жұмасқалиевтің бапкерлік штабында жарты жыл жұмыс істеді. Биыл аты аңызға айналған қорғаушы Қостанайда «North Star» шеберлік мектебін ашты.



  • 🎞Наша история. Голы матча «Тобол» – «Жетысу»
  • Проведение футбольных соревнований отложено
  • Сырқаттанғандар жоқ
  • Сәттілік, Стивен!
  • Лука, рахмет саған!
  • Көңіл айтамыз
  • Экс-костанайцы – в символической сборной Сербии
  • ҚФФ Бас хатшысы отандық клубтарға үндеу жолдады
  • Наша история. Гол Балтиева в ворота «ОФИ»
  • День в истории: победа над «ОФИ»